28 Мамыр, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №210

328 рет
көрсетілді
38 мин
оқу үшін
2015 жылғы 27 ақпан, Астана қаласы Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 20) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Технологиялық және инновациялық даму департаменті (А.Б.Батырқожа): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның көшірмесін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-миниcтрі Е.К. Сағадиевке жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен басптап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі __________________ Б.СҰЛТАНОВ 2015 жылғы 4 қыркүйек «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі __________________ Е.ДОСАЕВ 2015 жылғы «_____» __________ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы _______________ Т.ЖАҚСЫЛЫҚОВ 2015 жылғы 24 шілде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №210 бұйрығымен бекітілді Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттарды беру қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттарды беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 5-бабының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді және Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттарды беру тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) алдын-ала қарау – жобаның жүзеге асыру мақсаттылығын, оның ішінде олардың инновациялық гранттарды ұсынудың басым бағыттарына, инновациялылық критерийлеріне, ауқымдылығына, өтініш берушінің құзыреттілігіне қарастыру; 2) алдын-ала өтінім - осы Қағидалардың талаптарына сәйкес өтініш берушінің сауалнамасы, жоба паспорты және жобаның одан әрі дамуының көрінісі; 3) грант алушы – осы Қағидаларға сәйкес грант алған жеке немесе заңды тұлға; 4) гранттық қаржыландыру бойынша комиссия – инновациялық гранттарды берудің басым бағыттары бойынша ұлттық институт құратын консультативтік-кеңесші органдар; 5) индустриялық-инновациялық жоба (бұдан әрі – жоба) – технологиялар трансфертіне, жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар және қызметтер жасауға бағытталған, белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені; 6) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 7) инновациялық грант – инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобаларын іске асыру үшін оларға өтеусіз негізде берілетін бюджет қаражаты; 8) тәжірибелік лабораториялық үлгі – өндіріске қосу және (немесе) мақсаты бойынша пайдалану мақсатында сынау жолымен оның белгіленген техникалық талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін жаңадан әзірленген жұмыс құжаттамасы бойынша дайындалған өнімнің үлгісі; 9) өнімнің тесттік топтамасы - өнiмдердiң белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылау және оны өндiрiске шығаруға қою туралы шешiм қабылдау үшiн жаңадан әзiрленген бір құжаттама бойынша белгіленген уақыт аралығында дайындалған тәжiрибелiк үлгiлерiнiң жиынтығы немесе өнiмдерiнiң белгілі-бір көлемi; 10) эксперементалдық өнеркәсіптік үлгі - өнімді өндіру кезіндегі бөлек мінездемелерді анықтау және ұсынылған шешімдерді тексеру үшін, өндіруге анықталған өнімнің негізгі белгілеріне ие, өнімнің үлгісі; 11) өтінім – осы Қағидалардың талаптарына сәйкес қажетті материалдар мен құжаттар қоса белгіленген үлгідегі өтініш; 12) өтініш беруші – қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, осы Қағидаларға сәйкес инновациялық грант алуға арналған өтінімін қарауға ұсынған тұлға; 13) технологияларды коммерцияландыру – оң экономикалық әсер алуға бағытталған жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, процестер мен қызметтерді нарыққа шығару мақсатында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін практикалық пайдалануға байланысты қызмет; 14) ұлттық институттың уәкілетті тұлғасы – тұлға, технологиялық даму саласындағы ұлттық институттың бірінші басшысымен айқындалатын ұлттық институттың басшысының орынбасарларының бірі. 3. Инновациялық гранттар өтініш берушілерге индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде беріледі. 4. Уәкілетті органның тапсырысы бойынша немесе уәкілетті орган ұйымдастырылған байқаулардың жүлдегерлері инновациялық грантты өтінімдерді алдын-ала қарау, тәуелсіз сараптама жүргізу, гранттық қаржыландыру бойынша комиссиясының қарауы кезеңдерінен өтпестен инновациялық гранттың бірінші кезеңнің келісім-шартты жасайды. 5. Осы Қағидаларға сәйкес технологиялық даму саласындағы ұлттық институттың (бұдан әрі – ұлттық институт) инновациялық гранттарды беруі, уәкілетті орган және ұлттық институттың арасында жасалған келісім-шарттың негізінде жүзеге асырылады. 6. Гранттарды беру саласындағы ақпараттық қамтамасыз ету ұлттық институтпен жүзеге асырылады. 7. Грантты беру жөніндегі келісім-шартқа қол қойылғанға дейінгі өтініш берушілермен мәлімделген жобаны жүзеге асыру мақсатындағы шығындары өтелмейді. 8. Ұлттық институт құзырет берілген өзге заңды тұлға өтінім туралы ақпараттың ұлттық институттың акционерін, уәкілетті органды қоспағанда және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайлардан басқа инновациялық гранттарды беру процесіне қатысы жоқ үшінші тұлғаларға жария етпеуін қамтамасыз етеді. 9. Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық грантты беруге өтінім берілген мезетте ғылыми зерттеулер аяқталуы және жобаның командасы қалыптасуы тиіс. 10. Өтініш берушінің осы Қағидаларда көзделген инновациялық гранттың бір түріне өтінім беруі оны индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамада көзделген өзге инновациялық гранттарды алуға ұмтылысы құқығын шектемейді. 11. Инновациялық гранттар жобаны іске асырудың мынадай кезең шығындардың бір бөлігін төлеу түрінде беріледі: 1) бірінші кезең: өнімнің тәжірибелік лабораториялық үлгісін жасау; 2) екінші кезең: өнімнің эксперементалдық өнеркәсіптік үлгісін жасау; 3) үшінші кезең: өнімнің тесттік топтамасын шығару және сату. Инновациялық гранттарды бері шарттары осы Қағидаларға 1 қосымшада көрсетілген. 12. Өтініш беруші инновациялық грантты алуға өтінімді, алдыңғы кезеңдерді өтпей, екінші және (немесе) үшінші кезеңге береді. 2. Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық грантты беру тәртібі 1 Параграф. Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық грантты беру 13. Ұлттық институт жылына 2 (екі) реттен кем емес ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және ұлттық институттың ресми интернет-сайтында өтінімдерді қабылдау мекен-жайын, байланысатын адамдарды, сарапшы кеңестер/комиссиялардың отырысы өтетін күні мен орнын көрсете отырып грант алуға өтінімдер қабылдау мен қараудың басталғаны туралы хабарландыруды жариялайды. 14. Ұлттық институт инновациялық гранттарды беру рәсімдерін жүргізу туралы есепті ұлттық институт пен уәкілетті органның арасында жасалған келісім-шартта белгіленген мерзімде уәкілетті органға ұсынады. 15. Инновациялық гранттарды беру рәсімдерін жүргізу туралы есеп беру инновациялық гранттарды беру рәсімдерін, ұлтық институт қарастырмаған уақыттарда түскен өтінімдерді алдын-ала қараудан басқа, тоқтатпайды. 16. Қағиданың 15 тармағына сай, уәкілетті органға есепті тапсырғанға дейін қабылданған өтінімдер бойынша иноовациялық гранттарды беру рәсімдерін жүргізу қызметтерін төлеу, келесі жылы жүргізіледі. Ұлттық институттың осы қызметтері келесі қаржы жылдының аралық есебінде көрсетіледі. 17. Инновациялық гранттарды беру рәсімі келесі кезеңдерден тұрады: 1) алдын-ала өтінімді ұлттық институтпен қабылдау және тіркеу; 2) гранттық қаржыландыру бойынша комиссияның алдын-ала өтінімді қарастыру; 3) гранттық қаржыландыру бойынша комиссиямен алдын-ала өтінім бойынша ұсынымдар беруі; 4) ұлттық институттың уәкілетті тұлғасымен гранттық қаржыландыру бойынша комиссияның жобаны қарау нәтижесі туралы өтініш берушінінің хабардар етілуі; 5) өтініштердің осы Қағидаға сәйкестігін ұлттық институтпен қабылдануы және тексерілуі; 6) ұлттық институттың уәкілетті тұлғасымен өтініштердің осы Қағидаға сәйкес еместігі (бар болған жағдайда) туралы өтініш берушінінің хабардар етілуі; 7) ұлттық институттың өтінімдерді тәуелсіз сараптауды өткізуді ұйымдастыруы; 8) ұлттық институттың уәкілетті тұлғасымен тартылған екі тәуелсіз сарапшының теріс қорытындылары туралы өтініш берушінінің хабардар етілуі; 9) ұлттық институтпен көрсетілген шығындардың негізділігінің тексерілуі; 10) ұлттық институтпен көрсетілген шығындардың негізділігінің тексерілуі туралы өтініш берушінінің хабардар етілуі; 11) гранттық қаржыландыру бойынша комиссиямен инновациялық грантты беру немесе бермеу туралы ұсынымның берілуі; 12) гранттық қаржыландыру бойынша комиссияның теріс ұсынымы туралы өтініш берушінінің хабардар етілуі; 13) инновациялық грант беру туралы оң шешімнің қабылдануы болған жағдайда инновациялық грант беру туралы ұлттық институттың гранталушымен келісім-шарт қабылдауы; 14) келісім-шартқа сәйкес инновациялық грант қаржысының аударылуы; 15) инновациялық грант беру туралы келісім-шартқа сәйкес жүргізілетін жобалардың мониторингі. Қағиданың осы тармағының 2)-4) және 6)-12) тармақшаларында көрсетілген инновациялық грант беру процедураларының барлық кезеңдерінің ұлттық институттың сұранысы бойынша өтініш беруші қосымша құжаттар беру кезеңің қоспағанда жалпы өткізілу мерзімі 45 (қырық бес) жұмыс күннен аспауы тиіс. 18. Ұлттық институт осы Қағидаға сәйкес алдын-ала өтінімдерді тіркейді. Алдын-ала қарауға қатысу үшін өтініш беруші өтінімін электрондық пошта арқылы ұлттық институттың алдын-ала өтініштерді қарау туралы жариялауында көрсетілген электрондық мекен-жайына қажетті материалдарды және құжаттардың сканерленген көшірмелерін жолдайды. 19. Ұлттық институт инновациялық грант алуға өтініш беру туралы ұсыным шығару үшін гранттық қаржыландыру бойынша комиссия отырысын өткізу арқылы алдына ала өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталған сон 5 (бес) жұмыс күн ішінде өтініштің алдын-ала қарастыруын ұйымдастырады. 20. Гранттық қаржыландыру бойынша комиссияның қызметін мен құрамы ұйымдастыру ұлттық институттың актілерімен реттеледі. 21. Гранттық қаржыландыру бойынша комиссияның отырысы гранттық қаржыландыру бойынша комиссия мүшелерінің отырыстағы жай көпшілігі қатысқанда заңды деп есептеледі. Гранттық қаржыландыру бойынша комиссияның шешімі сол отырыстағы мүшелердің жай көпшілігінің дауысымен қабылданып, хаттамамен рәсімделенеді. Тепе-тең дауыс болған жағдайда гранттық қаржыландыру бойынша комиссияның төрағасының дауысы шешуші болып табылады. 22. Гранттық қаржыландыру бойынша комиссияның отырысына өз жобасының таныстырылымын өткізу үшін өтініш беруші шақырылады. 23. Алдын-ала өтінімді қарау бойынша гранттық қаржыландыру бойынша комиссияны өткізген күннен кейін 2 (екі) жұмыс күн ішінде гранттық қаржыландыру бойынша комиссия инновациялық грант алуға (болған жағдайда) жобаны жақсарту жөніндегі ұсынымды немесе тиісті негіздемені қоса өтінім беру туралы оң немесе теріс ұсынымды әзірлейді. 24. Ұлттық институттың уәкілетті тұлғасы ұсынымды әзірлегеннен кейін 3 (үш) жұмыс күннен кешіктірмей гранттық қаржыландыру бойынша комиссия отырысының нәтижесі бойынша келесі кезенге өткен өтініш берішілердің тізімін ұлттық институттың интернет ресурсында жариялайды. 25. Ұлттық институттың уәкілетті тұлғасы ұсынымды әзірлегеннен кейін 3 (үш) жұмыс күннен кешіктірмей гранттық қаржыландыру бойынша комиссия отырысының теріс қорытындысы туралы тиісті өтініш берушілерді негіздемені қосы отырып, хабардар етеді. 26. Гранттық қаржыландыру бойынша комиссияның алдын-ала қарауынан өткен өтініш беруші инновациялық грантты алуға тиісті ұсынымдарды қоса (болған жағдайда) өтініш береді. Теріс қорытынды алған өтініш беруші жобасын қайта пысықтап, келесі өтініштерді қабылдау кезінде алдын-ала қарауға қайта береді. 27. Ұлттық институт жылына 2 (екі) реттен кем емес, арасы 40 (қырық) күннен кем емес, белгіленген уақытта, өтінімдерді қарастыру жұмысын жүргізеді. Ұлттық институт белгіленген уақыттан тыс түскен өтінімдер қарастырылмайды. 28. Ұлттық институт 1 жұмыс күннен аспай барлық түскен өтінімдерді тіркейді және олардың Қағидаларға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады . 29. Өтініштердің осы Қағидаларға сәйкестігін тексеру кезеңінен кейін, ұлттық институт өтініш берушіге табылған сәйкессіздіктер (болған жағдайда) туралы өтініш берушінің сауалнамада көрсетілген поштасына және электрондық поштаға хабарландыруды жібереді. 30. Өтінім осы Қағидаларға сәйкес келмеген жағдайда, өтініш беруші сәйкессіздікті жойып, Қағидаларға сәйкес өтінім немесе жетіспейтін материалдарды және (немесе) құжаттарды қайта ұсынады. Егер өтінімді қайта ұсыну кезінде, ұлттық институтпен анықталған сәйкессіздіктер жойылмаса, ол ағымдағы жылда қарау мүмкіндігісіз қайтарылады. Жетіспейтін және (немесе) дұрысталған материалдар және (немесе) құжаттарды ұсыну кезеңі кезінде, өтінімді қарастыру кезені тоқтатылады. Егер 15 (он бес) жұмыс күн ішінде сұратылған материалдар және (немесе) құжаттар ұсынылмаса, өтінім өтініш берушіге одан әрі қараусыз қайтарылады. 31. Ұлттық институт тәуелсіз сараптаманы жүргізу үшін отандық және шетел сарапшыларын тартады. Тәуелсіз сараптаманы жургізу және тәулсіз сарапшыларды іріктеу талаптары осы Қағидалардың 2 қосымшасында көрсетілген. 32. Егер тәуелсіз сараптаманы жүргізуге екі сарапшы тартылған жағдайда өтінім тәуелсіз сарапшылардың бірінен теріс қорытынды алса, ұлттық институт үшінші тәуелсіз сарапшыны тартады. 33. Егер тәуелсіз сараптаманы жүргізуге тартылған екі тәуелсіз сарапшылардан теріс қорытынды алынған жағдайда ұлттық институттың уәкілетті тұлғасы инновациялық гранта беруден бас тартатыны туралы шешім қабылдап 2 (екі) жұмыс күннен кешіктірмей тартылған тәуелсіз сарапшылардың қорытындысын қоса тиісті өтініш берушіні хабардар етеді. 34. Ұлттық институт тәуелсіз сараптаманы жүргізу нәтижесі бойынша тартылған 2 (екі) тәуелсіз сарапшылардан оң қорытындысын алғаннан кейін өтінім бойынша мәлімделген шығындардың негізділігін тексереді. 35. Мәлімделген шығындардың негізділігін бағалауды жүргізу тәртібі ұлттық институттың интернет-ресурсында орналасатын актісімен реттеледі және ұлттық институттың интернет-ресурсында орналастырылады. 36. Шығындардың негізділігін бағалауды жүргізуге ұсынылған ақпараттың жетіспеушілігі кезінде ұлттық институт өтініш берушімен мәлімделген шығындарды растайтын қосымша ақпаратты, өтініш берушінің сауалнамасында көрсетілген өтініш берушінің электрондық мекен-жайына және пошта арқылы бір реттен аспай сұрайды. 37. Өтініш беруші ұлттық институтқа мәлімделген шығындарды растайтын сұралған материалдарды жене (немесе) құжаттарды, жеке тұлға болған жағдайда - өзінің қолымен, заңды тұлға болған жағдайда - мекеменің бірінше басшысы немесе уәкілетті тұлғаның атынан, 15 (он бес) күннен аспайтын уақытта жолдама хатпен электрондық пошта арқылы ұсынады. Өтініш берушімен жетіспейтін және (немесе) түзетілген құжаттарды беру мерзімінде ұлттық институтпен өтінімді қарау мерзімі тоқтатылады. Сұратылған құжаттар тиісті сұрату күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күннің ішінде ұсынылмаған жағдайда өтінім өтініш берушіге бұдан әрі қараусыз қайтарылады. 38. Тексеру қорытындысы бойынша есептелінген мәлімденген шығындардың мөлшері мүмкін қаражат мөлшері ретінде шығын баптары бойынша жұмсауға болжанатын шығындар болып белгіленеді. 39. Егер мәлімделген шығындардың негізділігін тексеру кезінде өтінім беруші жоба бойынша мәлімделген соманы толық көлемде негіздемесе, сұранылған шығындардың сомасы, мәлімделген шығындар сомасына тепе-тең азайтылады. 40. Ұлттық институт мәлімденген шығындардың негізділігін бағалау аяқталғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күн ішінде мәлімденген шығындардың негізділігін бағалау нәтижелерін өтініш берушінің сауалнамасында көрсетілген мекенжайға танысу үшін жолданады. 41. Өтініш беруші 5 (бес) жұмыс күннің ішінде электронды пошта ұлттық институт атына шығындардың негізділігінің қортындысымен келісу немесе келіспеуі туралы өзіңнің қолтаңбасы бар (өтініш беруші жеке тұлға болған жағдайда) немесе уәкілетті тұлғаның немесе өтініш беруші - ұйымының бірінші басшысының қолтаңбасы бар (өтініш беруші заңды тұлға болған жағдайда) хатты жолдайды. Өтініш беруші шығындардың негізділігінің қортындысымен келісу немесе келіспеу туралы хатты беру кезеңінде ұлттық институт өтінімді қарастыруын тоқтатады. 42. Өтініш қабылдаудың ағымдағы кезенінің барлық өтініш берушінің шығындардың негізділігін тексерудің нәтижелері бойынша жазбаша келісуі немесе келіспеуін алғаннан кейін ұлттық институт 5 (бес) күн ішінде жобаны жақсарту (болған жағдайда) немесе алудан бас тарту тиісті негізді қоса инновациялық грантты беру туралы немесе инновациялық грантты беруден бас тарту туралы ұлттық институтқа ұсынымдарды әзірлеу үшін гранттық қаржыландыру бойынша комиссия отырысының өткізілуін қамтамасыз етеді. Гранттық қаржыландыру бойынша комиссияның отырысына өз жобасының таныстырылымын өткізу үшін өтініш беруші шақырылады. 43. Гранттық қаржыландыру бойынша комиссия отырысының хаттамасына қол қойған күннен 3 (үш) жұмыс күннен кешіктірмей ұлттық институттың уәкілетті тұлғасы өтініш берушіге тиісті хаттаманы қоса жазбаша хабарлама жолдайды. 44. Гранттық қаржыландыру бойынша комиссия отырысының ұсынымы негізінде ұлттық институт инновациялық грантты береді немесе беруден бас тартады. 45. Инновациялық грант нысаны ұлттық институтпен айқындалатын өтініш беруші мен ұлттық институт асарындағы екіжақтық инновациялық грант алу келісім-шарты арқылы беріледі. 46. Ұлттық институт гранттық қаржыландыру бойынша комиссияның хаттамасына қол қойылған күннен кейін 10 (он) жұмыс күн ішінде инновациялық грант беру туралы келісім-шартқа қол қою үшін өтініш берушіге жолдайды. Егер өтініш беруші осы Қағидалардың бірінші қосымшасында көрсетілген Инновациялық гранттады беру талаптарының 1 тармағын орындаған жағдайда ұлттық институт 10 (он) жұмыс күн ішінде инновациялық грант беру туралы келісім-шартқа қол қою үшін өтініш берушіге жолдайды. Өтініш беруші осы Қағидалардың бірінші қосымшасында көрсетілген Инновациялық гранттады беру талаптарының 1 тармағын орынду кезенінде өтінішті қарау кезені тоқтатылады. 47. Уәкілетті органның тапсырысы бойынша немесе уәкілетті орган өткізетін байқаулардың жүлдегерлерімен инновациялық гранттарды беру туралы келісім шартты жасасу үшін ұлттық институтпен өтініш берушіге ұлттық институтқа өтініш тапсыру күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күн ішінде жіберіледі. 48. Егер инновациялық грант беру туралы шартты алғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күн ішінде инновациялық грант беру туралы шарты өтініш берушінің кесірінен жасалмаған жағдайда ұлттық институттың уәкілетті тұлғасы грант беруден бас тарту және бұрын беру туралы қабылданған шешімнің күшін жойю туралы шешімді қабылдайды. 49. Инновациялық грант беру туралы келісім-шартқа қол қойылған күннен кейін 3 (үш) күн ішінде оның көшірмесі уәкілетті органға жолданады. 50. Инновациялық грант беру туралы жасасқан келісім-шартқа сәйкес жобаның іске асырылуын бақылау мақсатында ұлттық институт инновациялық грант беру туралы жасасқан келісім-шарт талаптарына сәйкес жобаны іске асырылуы барысының үнемі мониторингін жүргізеді. 51. Инновациялық гранттар беру туралы жасасқан келісім-шарттар бойынша жобалардың мониторингін жүргізу ұлттық институттың актісімен реттеледі және оның интернет-ресурсында орналастырылады. 52. Инновациялық грантың қаражаттарының грант алушыға аударылуы инновациялық грантты беру туралы жасалған келісім-шарттың шарттарына сәйкес ұлттық институттың іс-шаралар (әрекеттер) атқаруын талдау жүргізу нәтижелері бойынша кезең-кезеңімен жүргізіледі. 53. Ұлттық институт инновациялық грант беру туралы шешім қабылданған жобалар бойынша ақпаратты интернет-ресурсында орналастырылады. 2 Параграф. Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық грантты алу үшін құжаттар мен (немесе) материалдардың тізбесі 54. Технологияларды коммерцияландыруға грантты алу үшін өтініш берушілер алдын-ала қарау сатысында ұлттық институтқа келесі құжаттардың ұсынады: 1) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша технологияларды коммерцияландыруға грантты алу үшін алдын-ала өтінімді беруге өтініш; 2) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің сауалнамасы; 3) осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жоба паспорты; 4) осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жобаны іске асырудың көрінісінің құрылымы; 5) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күнтізбелік жоспар (ол да ағылшын тілінде электрондық тасығышта Word форматында және PDF немесе JPEG форматында сканерден өткізілген түрде ұсынылады); 6) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығыстар сметасының жобасы мәлімделген/жүргізілген шығындарды растайтын құжаттармен қоса (келісім-шарттардың, келісімдердің көшірмелері, өзге жеткізушілердің баламалы бағалық/коммерциялық ұсыныстары, интернет-ресурстарға сілтемелер, төлеуге арналған шоттар, ол да ағылшын тілінде электрондық тасығышта Word форматында және PDF немесе JPEG форматында сканерден өткізілген түрде ұсынылады); 7) өтініш берушінің ғылыми-техникалық саладағы жұмыстарды орындауға біліктілігін растайтын лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, дипломдардың, сертификаттардың құжаттардың (сканерленген) көшірмелері (бар болған жағдайда); 8) «Патенттің іздеу туралы есепті даярлау» ҚР СТ 15-11-2005 сәйкес патенттік іздеу туралы есеп; 55. Ұлттық институтпен иннвациялық грантты алу өтінімін беруге туралы шешім қабылданғаннан кейін келесі құжаттар ұсынылады: 1) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша технологияларды коммерциализациялауға инновациялық грант алуға өтініш; 2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің сауалнамасы; 3) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес ұлттық институтқа өтінім беру сатысында нысан бойынша жоба паспорты (ағылшын тілінде электрондық тасығышта Word форматында және PDF немесе JPEG форматында сканерден өткізілген); 4) осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жобаны іске асырудың көрінісінің құрылымы; 5) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күнтізбелік жоспар (ол да ағылшын тілінде электрондық тасығышта Word форматында және PDF немесе JPEG форматында сканерден өткізілген түрде ұсынылады); 6) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығыстар сметасының жобасы мәлімделген/жүргізілген шығындарды растайтын құжаттармен қоса (келісім-шарттардың, келісімдердің көшірмелері, өзге жеткізушілердің баламалы бағалық/коммерциялық ұсыныстары, интернет-ресурстарға сілтемелер, төлеуге арналған шоттар, ол да ағылшын тілінде электрондық тасығышта Word форматында және PDF немесе JPEG форматында сканерден өткізілген түрде ұсынылады); 7) басшы болып табылмайтын тұлғаға өтінімді беру, өтінімге қол қою, инновациялық грантты беру туралы келісім-шартқа қол қою құқығын беретін құжат; 8) төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, өтінім беру күнінің алдыңдағы үш айдан астам салық төлеушінің салық берешегінің және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылған және салық органының мөрі басылған анықтамасы; 9) заңды тұлғалар үшін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың бар болуын растайтын «Электронды үкімет» порталынан электронды құжат; Ескерту: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады; 10) жеке тұлғалар үшін – өтінімді қолма-қол ұсынған жағдайда жеке куәлігінің не паспортының түпнұсқалары мен көшірмелері салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады немесе өтінім пошта арқылы түскен жағдайда жеке куәлігінің не паспорттың нотариалды куәландырылған көшірмелері; 11) өтінімді қолма-қол ұсынған жағдайда лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, дипломдардың, сертификаттардың және өтініш берушінің ғылыми-техникалық саладағы жұмыстарды орындауға біліктілігін растайтын құжаттардың көшірмелері мен түпнұсқалары (бар болған жағдайда), салыстырып-тексеру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады немесе өтінім пошта арқылы түскен жағдайда өтініш берушінің ғылыми-техникалық саладағы жұмыстарды орындауға біліктілігін растайтын лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, дипломдардың, сертификаттардың және өтініш берушінің ғылыми техникалық саладағы жұмыстарды орындауға (болған жағдайда) біліктілігін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері. 56. Екінші және/немесе үшінші сатысын жүзеге асыруға үміткер және жобаның бірінші сатысын іске асыруға инновациялық грантқа ие болған өтініш беруші осы Қағидалардың 55-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мынадай құжаттарды ұсынуы қажет: 1) Осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес технологияларды коммерцияландыру стратегиясы (сондай-ақ ұлттық институтқа өтінім беру сатысында ағылшын тілінде электрондық тасығышта Word форматында және PDF немесе JPEG форматында сканерден өткізілген түрде ұсынылады); 2) өнімнің тәжірибелік топтамасының нарыққа шығуына мемлекеттік және/немесе жеке меншік сектор тарапынан мүдделілік білдіруін растайтын хаты/хаттары; 57. Жобаны жүзеге асырудың бірінші сатысынан өтпей, өнімнің эксперименталдық өнеркәсіптік топтамасын жасау сатысында грантқа үміткер өтініш беруші осы Қағидалардың 55-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мынадай материалдар мен құжаттарды ұсынуы қажет: 1) өтінім беру сатысында электрондық тасығышта өндіріске ұсынылған өнімнің тәжірибелік лабораториялық үлгісінің бейне, фотоматериалдар; 2) жасалған өнімнің тәжірибелік лабораториялық үлгісін тестілеу туралы тиісті есеп, жобаны жасаудың техникалық негізі (сондай-ақ ұлттық институтқа өтінім беру сатысында ағылшын тілінде электрондық тасығышта Word форматында және PDF немесе JPEG форматында сканерден өткізілген түрде ұсынылады); 3) тәжірибелік лабораториялық үлгінің негізінде жасалған эксперименталдық өнеркәсіптік үлгінің жасалуы туралы техникалық шешім (сондай-ақ ұлттық институтқа өтінім беру сатысында ағылшын тілінде электрондық тасығышта Word форматында және PDF немесе JPEG форматында сканерден өткізілген түрде ұсынылады); 4) ары-қарай технологияны коммерцияландыру туралы стратегиясы бар болуы кезінде жобаның коммерциялық тартымдылығының негіздемесі; 5) өнімнің тесттік топтамасының нарыққа шығуына мемлекеттік және (немесе) жеке меншік сектор тарапынан мүдделілік білдіруін растайтын құжаттар; 6) зияткерлік меншік нысандарына және (немесе) авторлық құқық нысанына (болған жағдайда) құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерге қорғау құжаттын алуға өтінім. 58. Жобаны жүзеге асырудың бірінші және екінші сатысынан өтпей, өнімнің тесттік топтамасын жасау шығару мен сату сатысында грантқа үміткер өтініш беруші осы Қағидалардың 55-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мынадай материалдар мен құжаттарды ұсынуы қажет: 1) осы Қағидалардың 11-қосымшасының талаптарына сәйкес жоба бизнес-қалыбының мазмұны (сондай-ақ ұлттық институтқа өтінім беру сатысында ағылшын тілінде электрондық тасығышта Word форматында және PDF немесе JPEG форматында сканерден өткізілген түрде ұсынылады); 2) ұсынылатын өнімді өндіруге жобалық-конструкторлық құжаттама (сондай-ақ ұлттық институтқа өтінім беру сатысында ағылшын тілінде электрондық тасығышта Word форматында және PDF немесе JPEG форматында сканерден өткізілген түрде ұсынылады); 3) белгіленген техникалық талаптарына сәйкестігі туралы эксперименталдық өнеркәсіптік өнімнің сынақтан өткізу актiсі (сондай-ақ ұлттық институтқа өтінім беру сатысында ағылшын тілінде электрондық тасығышта Word форматында және PDF немесе JPEG форматында сканерден өткізілген түрде ұсынылады); 4) шығаруға жоспарланған өнімді сатып алуға мемлекеттік және (немесе) жеке сектор тарапынан мүдделілікті растайтын құжат. 59. Инновациялық даму облысындағы уәкілетті орган немесе уәкілетті органның тапсырысы бойынша ұйымдастырылған байқаулардың жүлдегері үшін технологияларды коммерцияландыруға арналған гранттың бірінші кезеңіне талаптанатын өтініш берушіге ұлттық институтқа келесі құжаттарды беру қажет: 1) осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша технологияларды коммерциализациялауға инновациялық грант алуға өтініш берушінің өтініші; 2) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің сауалнамасы; 3) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күнтізбелік жоспар; 4) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығыстар сметасының жобасы; 5) басшы болып табылмайтын тұлғаға өтінімді беру, өтінімге қол қою, инновациялық грантты беру туралы келісім-шартқа қол қою құқығын беретін құжат; 6) жеке тұлғалар үшін - жеке куәліктің түпнұсқасы және көшірмелері немесе паспорттың қолма-қол тапсырғанда, растау рәсімінен кейін құжаттардың түпнұсқалары өтінім берушіге қайтарылады; 7) өтінім берушінің уәкілетті орган ұйымдастырған немесе уәкілетті органның тапсырысы бойынша ұйымдастырылған байқаудың жүлдегер статусына ие болғандығын растайтын құжат, сондай-ақ осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген тәуелсіз сараптаманы өткізудің және тәуелсіз сарапшыларды іріктеудің осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген талаптарына сәйкес өткізілген жобалардың тәуелсіз сараптамасының қорытындысы. Тәуелсіз сараптама қорытындысын әзірлеу үшін осы Қағидалардың 3 және (немесе) 4-тармақтарында көрсетілген тәуелсіз сараптаманы өткізудің және тәуелсіз сарапшыларды іріктеудің осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген талаптарына сәйкес келетін отандық және шетелдік сарапшыларды тартады. 60. Грант алуға өтінім ұлттық институтқа мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қағаз тасығышта екі данада – түпнұсқа бір данада және көшірме бір данада және электрондық тасығыштарда (PDF немесе JPEG форматында сканерден өткізілген) сканерленген нұсқаларымен қоса беріледі. 61. Грант алуға өтінім материалдары бірыңғай жинақталған, беттері нөмірленген және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестікте ресімделген болуы қажет 62. Инновациялық грантты беру туралы келісім-шарт жасалған өтінімнің материалдары өтініш берушіге қайтарылмайды. 63. Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың, бастапқы мәліметтердің, есептердің, негіздемелердің толықтығын және сенімділігін қамтамасыз етеді. Өтініш беруші ұсынған ақпаратта есептерде пайдаланылған мәліметтердің қайнар көзін және есепті жүргізу күнін көрсетуі қажет. Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру Қағидаларына 1-қосымша Инновациялық гранттарды берудің шарттары 1. Жалпы ережелер 1. Инновациялық грант беру туралы келісім-шартқа қол қою үшін инновациялық грант беру туралы гранттық қаражат бойынша комиссияның оң ұсынысын алған тұлғалар келесіні орындайды: Қазақстан Республикасы резиденті - екінші деңгейдегі банкте шот ашылады және заңды тұлға құрады, немесе құрылымдық капиталындағы бөлігі жобаның басшысы және (немесе) команданың мүшелеріне берілсе – қолданыстағы заңды тұлғаны қолдана отырып, Қазақстан Республикасы резиденті - екінші деңгейдегі банкте қосымша шот ашады. 2. Инновациялық гранттарды өнімнің тәжірибелік лабораториялық үлгісін жасау кезеңінде берудің шарттары 2. Өнімнің экспертименттік үлгісін жасау кезеңіндегі грант келесі жұмыс түрлерінің бірін немесе кейбірін орындау үшін беріледі: 1) бірлесіп орындаушыларды тарту мүмкіндігімен зертханалық үлгіні немесе бастапқы конструкцияны экспертименттік үлгінің немесе процестің жұмыс істейтін үлгіге немесе процесіне дейін өнімінің техникалық сипаттамасымен қоса жеткізу; 2) жасалған экспертименттік үлгіні тестілеуден өткізу; 3) өнімнің тәжірибелік үлгісін жасаудың техникалық шешімдерін жобаның техникалық іске асырылуын негіздеумен әзірлеу; 4) жобаның коммерциялық тартымдылығын негіздеу; 5) зияткерлік меншік нысандарына және (немесе) авторлық құқық нысанына құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерге қорғау құжаттарын алуға өтінім беру. 3. Өнімнің экспертименттік үлгісін жасау сатысына берілетін гранттың жалпы сомасы беріледі және негізделіп мәлімделген шығындардың 95 (тоқсан бес) пайызын құрайды, бірақ 5 000 000 (бес миллион) теңгеден артық емес және: 1) өнімнің тәжірибелік лабораториялық үлгісін жасау үшін қажетті жабдықтарды сатып алу; 2) өнімнің тәжірибелік лабораториялық үлгісін жасау үшін материалдар мен жинақтаушы бұйымдарды сатып алу; 3) зертханалық және (немесе) жартылай өнеркәсіптік сынақтарды жүргізу, соның ішінде өндірістік және (немесе) кеңселік бөлмені жалға алу; 4) үшінші тұлғалармен (бірлесіп орындаушылармен) атқарылатын жұмыстарға төлеу; 5) жоба командасы мүшелерінің еңбек ақысын төлеу қоры; 6) еңбек ақысынан аударым (әлеуметтік салық және әлеуметтік аударым); 7) іссапарлық шығыстар; 8) үстеме шығыстар; 9) зияткерлік меншік нысандарына қорғау құжатын алуға және/немесе құқықты мемлекеттік тіркеуден өткізу туралы күәлігін алу туралы өтінім беру шығындары үшін беріледі. 4. Шығындардың бөлігін қаржыландырылуы ұлттық институт пен грант алушының арасында жасалған инновациялық грантты беру туралы келісім-шартқа сәйкес кезең-кезеңімен жүргізіледі. 5. Өнімнің тәжірибелік лабораториялық үлгісін жасауға берілген грантты игеру мерзімі 12 (он екі) айдан аспауы тиіс. 6. Грант алушының грант қаражаттарын өнімнің тәжірибелік лабораториялық үлгісін жасау сатысында игерудің нәтижесі ретінде: 1) дайын тәжірибелік лабораториялық үлгісі; 2) жобалық- конструкторлық құжаттар; 3) сынақ туралы есеп және акті; 4) «Патенттің іздеу туралы есепті даярлау» ҚР СТ ГОСЬ 15